Елімізде 164 мыңнан астам ата-ана баласына арнап депозит ашқан
- 1038
- UPD: 17:04, 06.09.2019

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде балалар депозиті бойынша жиналған қаражат сомасы 10,7 млн.теңгені құрайды.
Қазіргі кезде осы қызметті пайдаланып, 164 817 ата-ана өз балаларына есепшот ашқан.
Бұл туралы Елорда Инфо банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Банк таратқан мәліметке қарағанда, осыдан бір жыл бұрын балалар депозитінің саны 144 682-ні құраған.
«Негізінен, банктегі шоттар 1 жастан 10 жасқа дейінгі сәбилерге ашылған. Қазіргі сәтте осы жас аралығындағы балалардың атында 88 761 депозит бар. Екінші орында тұрғандар – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 10 жастан 18 жасқа дейінгі салымшылары. Оларға ашылған жалпы депозит саны – 65 480. Ал, үшінші кезекте – банктің ең кішкентай клиенттері, яғни, 1 жасқа дейінгі сәбилер. Олардың атына бүгінде 10 576 депозит ашылған», – деп көрсетілген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.