386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста жарылыстан зақымдалған үйлердің 97% қалпына келтірілді

  • 206
  • UPD: 17:54, 06.09.2019
Арыста жарылыстан зақымдалған үйлердің 97% қалпына келтірілді

Арыс қаласындағы жарылыстан зақымдалған үйлердің 97% қалпына келтірілді. Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, апат кезінде 7 мың 634 үй бүлінген.

Бүгінге дейін 7 мың 335-сі толық қалпына келтірілді. Комиссияның шешімімен тұруға жарамсыз деп танылған 466 баспана қайта салынуда. Бүгінге дейін оның 188-де құрылыс жұмыстары аяқталып, 142 үйде әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 278 үйдің құрылысы жүруде. Арыс қаласында барлығы 66 әлеуметтік нысан бар. Оның ішінде 53 білім беру мекемесі, 8 денсаулық сақтау, 4 спорт, 1 даңқ аллеясы. Бүгінде соның 59 нысаны тапсырылды. Айта кетейік, Арысты қалпына келтіру үшін 16 секторға бөліп, әр секторға бір-бір облысты жауапты етіп бекіткен болатын. Бүгінге дейін 9 секторда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, құрылысшылар үйлеріне қайтарылды. Қалған секторларда 4 мыңға жуық құрылысшы жұмыс істеп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласына қарасты секторда 57 көп қабатты және 642 жеке тұрғын үй бар. 219 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, 267-інде әрлеу жұмыстары жалғасуда. Ал 156 үй толық қайта салынуда.

Тойгүл Әленова, Арыс қаласының тұрғыны:

- Сносқа кетті үйіміз, содан басынан бастап салды. Рахмет балаларға, олардың өздері де жаңадан бастап жатыр. Фирмаға рақмет, Елбасына рақмет, халқымызға рақмет. Осы халықтың арқасы әйтпесе мүмкін емес. Азық-түлігімізді жеткізіп берді халық.

Хабар 24 телеарнасы