386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері бірлесіп жаттығу өткізді

  • 171
  • UPD: 23:26, 06.09.2019

Ыстықкөл-Аңырақай-2019. Дәл осындай атаумен Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтті. 

Екі елдің арнайы мақсаттағы бөлімшелері бес күн бойы әртүрлі операция орындап, қауіпті жағдайларға қарсы дайындықтарын пысықтады. 

Бірлескен оқу-жаттығу теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Яғни алғашқы күндері сарбаздар даярлық элементтерін пысықтап, әскери топография мен байланыс ұйымдастырудағы білімдерін жетілдірді. Одан кейін оны таулы-қыратты жерлерде жүзеге асырып көрді. Әсіресе қарсыластың барлауына қарсы күрес жүргізіп, заңсыз қарулы құрылымдарды оқшаулау бойынша арнайы операцияны орындады.

Данияр Имағамбетов, оқу-жаттығуға қатысушы:

- Ең бірінші кезең ол практикалық түрде таулы аймақтарда сақтандырғыштың көмектерімен таудан түсу және көтерілу. Содан кейін жауынгерлердің ары қарай іс-қимылдарының дұрыс атқарылуы болып есептеледі. Барлық жеке құрам толықтай дұрыс меңгеріп, таулы аймақтан түсуді жүзеге асыруда.  

Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан оқу-жаттығуға екі арнайы мақсаттағы топ және бір броньдалған топ қатысты. Барлығы 30-ға жуық әскери қызметші жұмылдырылды. 

Айта кетейік, екі елдің Қарулы Күштері мұндай бірлескен іс-шараларды жиі өткізіп тұрады. Мәселен, өткен жылы «Аңырақай-2018» оқу-жатығуына қос мемлекеттің 300-ден аса әскери қызметшісі қатысқан болатын. 

Авторы: Аслан Қаженов

Хабар 24 телеарнасы