386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы апатпен арпалысқан құтқарушылар мемлекеттік наградамен марапатталды

  • 190
  • UPD: 23:18, 06.09.2019
Арыстағы апатпен арпалысқан құтқарушылар мемлекеттік наградамен марапатталды

Арыс қаласында төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға атсалысқан сегіз құтқарушы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Арыс қаласында болған зардаптарды жою кезіндегі қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІМ ТЖ комитетінің 8 құтқарушысы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

2019 жылы 6 қыркүйекте Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрғали Жүнісовке, Бақытжан Абдуғапаровқа, Бекжан Нұрназаровқа, Ерген Орынбасаровқа, Арман Сапарбековқа, Бексултан Ибадуллаға, Жумағали Құдайбергеновке, Нұрбек Махановқа марапаттарды табыс етті. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Түркістан облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов марапатталды.

«Ерлігі үшін» медалімен Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Бақытжан Абдуғапаров, Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Бекжан Нұрназаров, Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Ерген Орынбасаров, Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісінің көмекшісі Арман Сапарбеков, Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің аға инженері Ибадулла Бексұлтан, Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №1 Мамандандырылған жасағының аға өрт сөндірушісі Құдайбергенов Жұмағали марапатталды.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Нұрбек Маханов марапатталды.

Бұл өрт сөндірушілер мен құтқарушылар Арыс қаласындағы жарылыстың салдарын жоюға тікелей қатысты, олар жедел штабтардың, жедел желі телефондарының жұмысын, басқа да азаматтық қорғау қызметтерімен өзара іс-қимылды ұйымдастырды, олар халықты қауіпсіз орындарға көшіру және азаматтарды эвакуациялық пункттер бойынша орналастыру, тұрғын үйлер мен объектілерде снарядтардың сынықтарынан өрт сөндіру, халықты өз үйлеріне қайтару бойынша жұмыстар жүргізді.

ТЖ туындаған жағдайда тез арада Түркістан облысы ТЖД жеке құрамын жоғары дәрежелі шақыру бойынша жинау жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар ТЖ орнына қосымша Шымкент қаласы ТЖД күштері мен құралдары тартылды.

Арыс қаласы аумағында ТЖ болған сәттен бастап ТЖК Өрт сөндіру қызметінің күшімен әртүрлі объектілерде, тұрғын үйлерде және табиғи жануларда 124 өрт ошағы жойылды. Снарядтардың жарылысына және өмірге үнемі қауіп төндіргеніне қарамастан өрт сөндірушілер өздерінің қызметтік міндеттерін батыл орындады. Тұрғын үйлер мен қойма ғимараттарындағы өрттерді сөндіруге кірісіп, көрші құрылыстарға өрттің таралуына жол бермеді. Жеке құрам адамдарды құтқару және эвакуациялау кезінде халыққа моральдық қолдау көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы