389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да шығарылатын сүт өнімдерінен ішек таяқшалары табылды

  • 214
  • UPD: 07:32, 07.09.2019
СҚО-да шығарылатын сүт өнімдерінен ішек таяқшалары табылды Lenta.ru

Солтүстік Қазақстан облысында «Зенченко және К» серіктестігінің сүт өнімдерінен ішек таяқшалары табылды.

Мұндай олқылықты ресейлік мамандар анықтаған. Ветеринарлық-санитарлық талаптың бұзылуына байланысты «Россельхознадзор» мекемесі аталған кәсіпорын өнімдеріне 5 қыркүйектен бастап шектеу қойды. Аталған фактіні бүгінде жергілікті мамандар да растап отыр. Сондықтан 9 қыркүйектен бастап, арнайы тексеріс жұмыстары жүргізілмек. Жалпы биылғы жылдың сегіз айы ішінде аталған кәсіпорын көрші орналасқан Қорған және Омбы облыстарына 500 тонна сүт өнімін экспорттаған.

Марат Ыбраев, аумақтық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы:

– Бұл компанияға тексеріс ашылады. Мұның ішінде ауылдан келіп жатқан сүттерден сынама алып, зертханаға жіберіледі. Сол зерттеудің нәтижесі аяқталғаннан кейін, 3 айдың ішінде 10 рет тексеріледі. Талаптың өзі солай.

Хабар 24 телеарнасы