387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда заңсыз казинолар анықталды

  • 156
Алматыда заңсыз казинолар анықталды

Алматыда заңсыз жұмыс жасап келген 11 ойын бизнесі анықталды.

Бұл мегаполистің экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында белгілі болды. «Ойынды тоқтат!» деп аталатын шара аясында үш аптаның ішінде 24 ойын терминалы, 50-ге жуық компьютердің процессоры және көлеңкелі айналымда жүрген 200 мыңнан астам теңге тәркіленген. Бір айта кетерлігі, ойын аппараттары казиноларда ғана емес, әлі де шағын дүкендердің ішінде тұр. Ойнайтындардың дені – 45-жасқа дейінгі ер азаматтар. Ал заңсыз казинолардың иелері өзінің көлеңкелі бизнесін жасыру үшін түрлі әдістерге көшуде.

Мырзахан Жақсылық, қалалық экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

– Мысалы Алматы қаласы Ақсай ауданында компьютерлік клуб ретінде тұрған, бірақ ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматтың жұмысы анықталды. Жедел іздестіру шара барысында ол жерден компьютерлік техника, кассасынан қаражат және сонымен қатар лотореялық жалған құжаттар, тағы да басқа да заттар тәркіленген болатын. Аталған факті бойынша, яғни заңсыз ойын бизнесінің ұйымдастыру бабы бойынша Қазақстан Республикасының 307-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы