387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолдау 2019: Мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардағы жұмысшылар саны 25% қысқарады

  • 246
  • UPD: 09:17, 07.09.2019

2024 жылға дейін мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардағы жұмысшылар саны 25 пайызға, яғни 4-тен біріне қысқартылатын болды.

Бұл процесс 2020 жылдан басталады, деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында. Президент тиімсіз кадрлерді қысқартып, одан үнемделген қаржыны пайдалы қызметкерлерді материалдық тұрғыдан ынталандыруға бағыттау керек, деді. Саясаттанушы Нұрлан Сейдін бұл дұрыс шешім деген пікірде.

Нұрлан Сейдін, саясаттанушы:

– Мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту, менің ойымша бұл маңызды іс-шаралардың бірі. Өйткені технологиялардың дамуы арқылы біз көп жағдайда мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетуге, оны жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік алып отырмыз. Мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту арқылы олардан үнемделген қаржыны басқа да бір бағытқа, басқа да бір мемлекеттің әлеуметтік жобаларға жұмсасақ болады.

Хабар 24 телеарнасы