389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық ұланның бас қолбасшылығы 3 жылдық бағдарлама әзірлеуде

  • 198
  • UPD: 09:17, 07.09.2019

«Арыста болған оқиға еліміздің Қарулы күштерінде түйткілді мәселелер қордаланып қалғанын көрсетті.

Сондықтан жуық арада жаңа тұжырымдама бекітіп, соның негізінде тегеурінді әскер қалыптастыруымыз қажет», - деді Мемлекет басшысы өз Жолдауында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс саласына жұмсалатын шығыстарды реттеп, қаржы жүйесін қайта қарауды тапсырды. Сондай-ақ Қарулы күштердің материалдық базасын нығайтып, әскери қызметтің беделін арттыру да күн тәртібінде. Президент тапсырған осы маңызды мәселелерді жүзеге асыру үшін Ұлттық ұланның бас қолбасшылығы 3 жылдық бағдарлама әзірлеп жатыр. Ол жайлы 6505 әскери бөлімінде болған кездесуде жан-жақты баяндалды. Жиынға еліміздегі 12 әскери бөлімнің офицерлері мен сарбаздары қатысты.

Хабар 24 телеарнасы