387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жаңа экологиялық кодексі жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті

  • 174
  • UPD: 09:11, 07.09.2019
Қарағандыда жаңа экологиялық кодексі жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті ТВ Центр Экология

Қарағандыда еліміздің жаңа экологиялық кодексі жобасы бойынша алғашқы қоғамдық тыңдаулар өтті.

Жаңа Кодекстің негізгі бағыттарының бірі – «ластаған төлейді» халықаралық экологиялық қағидатын іске асыру. Демек қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындар экологиялық зиянды өтеуі тиіс болады. Яғни тиісті іс-шараларды жүзеге асыруға арналған шығындарын өз мойнына алады. Бұл Кодексте қоршаған ортаны бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту, сонымен бірге қоршаған орта эмиссиясынан түсетін қаражатты қайда бағыттау керегін шешу, нақты бір аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту секілді нормалар көрсетілген. Жиынға қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, табиғат пайдаланушылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Кездесудің қорытындысы бойынша жаңа Экологиялық кодекс жобасының соңғы нұсқасын әзірлеу кезінде ескерілетін ұсыныстар айтылды. Айта кету керек, Қарағанды облысындағы өндіріс ошақтарының экологияға келтіріп отырған залалы да аз емес. Сол себепті аймақ алдағы 3 жылда экологияны жақсарту бағытына 35 млрд теңге жұмсамақ.

Зулфухар Жолдасов, ҚР эгтрм экологиялық реттеу және бақылау комитетінің басшысы:

– Біз Экологиялық кодексте бюджетке қатысты мәселелерді жаңа тұрғыдан қарап жатырмыз. Яғни экологияны ластаған үшін түскен қаражат 100 пайыз экологияны жақсартуға жұмсалуы тиіс. Ал заманауи жаңа технологиямен іске қосылған кәсіпорындар бұл төлемдерден босатылады. Біз әлемдік тәжірибе бойынша жүйелі жұмыс жасауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы