389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаһандық ядролық қарусыздану: Әлем әрекетке дайын ба?

  • 239
Жаһандық ядролық қарусыздану: Әлем әрекетке дайын ба?

Тұңғыш Президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының алаңында осындай атаумен дөңгелек үстел өтті.

Қатысушылар ядролық қарусыздану бойынша қолданыстағы жүйеге арналған жаңа сын-тегеуріндер мәселелерін талқыға салды. Шараға қауіпсіздік саласындағы дүние жүзіне беделді сарапшылар, сонымен қатар химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым өкілдері қатысты. Сақа сарапшылар қызу пікір білдіріп, өзекті мәселені талқыға салды. Қоғамда, әсіресе жастар арасында ядролық қарусыздану идеясын насихаттау қажеттігін баса айтты. Ядролық қауіп-қатерді төмендетудің жаңа жүйесін жасау керектігін тілге тиек етті. Осы орайда ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстан әлемге үлгі деуге толық негіз бар деді, сарапшылар.

Хабар 24 телеарнасы