389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы маңында жер сілкінді

  • 270
Алматы маңында жер сілкінді

Жер сілкінісі ошағы Алматы қаласына жақын болды, деп хабарлайы ҚазАқпарат.

ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 7 қыркүйекте 6 сағат 30 минут 15 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 11 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.  Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.7. Магнитудасы - 4.6 MPV. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда сезілуі 2-3 балл. Қалалық ПД Жедел басқару орталығының мәліметінше, патрульдік полиция жасақтары бүлінген, қираған учаскелерді байқамады. «Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда, сел қаупі бапр аумақтарда, қирау, бөгеттерде жарық байқалмаған.

Хабар 24 телеарнасы