389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда «Тіл жанашыры» сыйлығы табысталды

  • 246
  • UPD: 13:29, 07.09.2019
Қарағандыда «Тіл жанашыры» сыйлығы табысталды

Қарағандыда дәстүрлі «Тіл жанашыры» сыйлығы табысталды.

Бұл марапат мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан азаматтарға алты жылдан бері беріліп келеді. Биылғы байқауға 43 адам қатысса, соның 8-і «Үздік оқытушы», «Үздік телехабар», «Жас полиглот» секілді түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Олардың әрқайсына қомақты ақшалай сыйлық тапсырылды. Ал бас жүлде «Тіл майталманы» сыйлығы филология ғылымдарының докторы Жандос Смағұловқа берілді. Жеңімпаз 1 миллион теңгеге ие болды. Аймақ басшысының айтуынша, өңірде жыл сайын қазақ тілін қолдану аясы кеңіп келеді. Егер 10 жыл бұрын Ұлттық біріңғай тест тапсыратын оқушылардың тек 40 проценті ғана қазақ тілін таңдаса, қазір бұл көрсеткіш 70 проценттен асқан. Балабақшаларда қазақ топтары көбейіп, бүлдіршіндер саны артқан.

Аян Шәкен, «Үздік телехабар» аталымының жеңімпазы:

– Бес жылдың ішінде тіл тақырыбында 100-ден астам сюжет жасап және «Мәңгілік тіл» бағдарламасының редакторы болдым, «Сырсандық» бағдарламасының тілшісі болдым. Мұндай еңбекті елеу әрине жастарға керек, үлкен күш береді, әрі қарай жұмыс істеуге мотивация деп айтсам болады.

Хабар 24 телеарнасы