389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шағын бизнес өкілдеріне арналған жеңілдіктер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады - кәсіпкер

  • 225
  • UPD: 20:21, 07.09.2019
Шағын бизнес өкілдеріне арналған жеңілдіктер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады - кәсіпкер

Шағын бизнесті кейбір салық түрлерінен босату кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Бұл – көкшетаулық жеке кәсіпкер Елена Быданованың пікірі. Ол 15 жылдан астам уақыт арнайы киім тігумен айналысып келеді. Соңғы жылдары мектеп формасын тігуді де қолға алған. Бизнес өкілінің айтуынша, кішігірім компанияларды салықтан босату, тауар бағасын төмендетуге жағдай жасайды. Ал, баға арзандаса, өнім тез өтеді. Осылайша, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі күшеймек. Оған қоса, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік пайда болады.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы халыққа жолдауында Үкіметке микро және шағын бизнесті салықтан үш жылға босату бойынша заңнамалық база әзірлеуді тапсырған болатын.

Елена Быданова, жеке кәсіпкер:

Міне, былай есептеп шығаруға болады. Мәселен, бір компания жылына 68 млн теңге табыс табатын болса, ол сол кірістің 3%-тін салық ретінде төлеу керек. Бұл дегеніңіз, 2 млн 40 мың теңге. Енді мұны төлемейміз. Осы арқылы біз жеңілдік те жасай аламыз, қосымша жұмысшыларды да ала аламыз. Сондықтан жолдауда айтылған жеңілдіктер шағын бизнеске едәуір серпін береді.

 

Хабар 24 телеарнасы