Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дельфиндер шоуы көп балалы отбасынан шыққан балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады

  • 215
  • UPD: 00:50, 08.09.2019

MEGA Silk Way сауда орталығындағы Happylon дельфинарийі қазір балалар үшін нағыз ертегі әлеміне айналған.

Ондағы сүйкімді дельфиндер, өнерлі теңіз мысықтары мен су перісі бүгін елордалық көп балалы отбасынан шыққан оқушылар мен коррекциялық орталық тәрбиеленушілеріне ерекше көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Су әлемі ерекше сырлы. MEGA Silk Way сауда орталығындағы Happylon дельфинарийіне келген әр баланы Кариб теңізі күтіп тұрды. Айтпақшы, қайырымдылық шоу сәл қобалжумен басталды. Пираттар су перісін ұрлап кеткен қарақшыларды жеңе ала ма? Оларға Диди мен Зевс қалай көмектеседі? Ерекше шытырман оқиғаның басты кейіпкерлері балаларды шаттыққа бөледі.

Борис Духанин, Happylon дельфинарийінің басшысы:

Дельфиндердің әрбір әрекеті балаларды ерекше күйге бөлейді. Дельфиндерге де бұл эмоция ұнайды, олар одан сайын шабыттана түседі. Қошеметті құрмет деп қабылдайды.

Бірегей дельфинарийді ресейлік «Аква Инжиниринг» компаниясы құрды. Бірегей деуіміз заңды. Себебі, ол ТМД-да теңдессіз. Хауыздар итальяндық жабдықтармен қамтылған, климатты бақылау жүйесі бар.

Ләззат Тұрсынбаева, Happylon дельфинарийінің жетекшісі:

Біздің дельфинарий 2017 жылы ашылды. Сол кезде бізге бірінші дельфиндер келіп, шоуын өткізіп, бір жылдан кейін қайтып келді. Бұл екінші жобамыз. Әр жобаны ашқан кезде бірінші қайырымдылық шоу беру дәстүрге айналды.

Бастысы, балалардың қуанышында шек жоқ. Оларды Рокки мен Граф сынды теңіз мысықтарының да өнері тәнті етті. Мамандардың айтуынша, бұл жануарларды үйретудің қажеті жоқ. Барлығы шынайы, табиғи әрекеттер.

MEGA Silk Way-дегі дельфинарий жыл бойы жұмыс істейді. Ал сүйкімді теңіз жануарлары өз көрермендерін күтеді.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы