386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы орталық саябақта көшпелі емхана ұйымдастырылды

  • 132
  • UPD: 22:28, 07.09.2019
Елордадағы орталық саябақта көшпелі емхана ұйымдастырылды

Бүгін Елордадағы орталық саябақта көшпелі емхана ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара барасында қала тұрғындары тегін медициналық тексерістен өтті. Бірі көзін, енді бірі қан қысымын қаратып, ағзадағы қант пен иммун тапшылығы вирусының бар-жоғын анықтайтын тесттен өтті. Бұдан бөлек, спорттық шеберлік сағаттары өтіп, қатысушыларға кәдесыйлар таратылды.

Жексембай Есов, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

Спорт, денсаулық шарасына келіп отырмын. Көбі жастар. Ауа райы жақсы болып тұр. Осындай спорттық шараға қатысып, көзді тегін тексертуге болады. Адамдар тегін флюораграфияға түсіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы