386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бақытты отбасы» бағдарламасы кімдер үшін тиімді

  • 159
«Бақытты отбасы» бағдарламасы кімдер үшін тиімді

«Бақытты отбасы» бағдарламасы Қарағандыдағы мыңдаған мұқтаждың баспана алуына жол ашты.

Өйткені шарттары жеңіл, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін аса тиімді. Мәселен, соңғы екі ай ішінде облыс тұрғындарынан 270 өтініш түссе, соның 68-і мақұлданып, 5 отбасы қоныс тойын тойлап үлгерген. Бұл бағдарламаға тек көп балалы отбасылар, жалғызбасты аналар және мүгедек баланы бағып отырған жанұялар қатыса алады. Себебі олардың көпшілігі отбасылық табысының аздығынан «7-20-25» бағдарламасына ілікпей қалған. Айталық, бұл бағдарламаға жыл ішінде 513 адам өтініш берсе, бүгінде соның тек 240-ы баспаналы болыпты. Мемлекет басшысы өз жолдауында жүйесіз бағдарламаларды тоқтатып, тұрғын үй саясатын жетілдірудің бірыңғай моделін қалыптастыруды тапсырған. Жоспар бойынша жыл соңына дейін елімізде 6 мың отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарапатын көрмек.

Ерболат Едігеев, банк өкілі:

– Негізгі бағдарламаның артықшылығы болып пайыздық мөлшерлемесі саналады. Мұнда пайыздық мөлшерлемесі небәрі екі-ақ пайыз, максималды соммасы – 10 миллион теңге. Бастапқы жарна – 10 пайыз. Алып жатқан сомасынан 10 пайызын бастапқы жарна ретінде біздің салымшы көрсету қажет.

Хабар 24 телеарнасы