389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік еріктілер «Ата мен әже» саябағын ашпақ

  • 219
  • UPD: 22:15, 08.09.2019
Ақтөбелік еріктілер «Ата мен әже» саябағын ашпақ

Ақтөбелік еріктілер «Ата мен әже» саябағын ашпақшы.

Бұл қадам қазыналы қарияларға жасалған тағзым болмақ. Жергілікті билік белсенді жастардың бұл шешімін қолдап, шаһар орталығынан жер телімін де бөлген. Қазір қаржы жиналып жатыр. Яғни кез келген азамат болашақ демалыс орнының құрылысына өз үлесін қоса алады. Саябақта ата мен әжеге ескерткіш қойылмақ. Еріктілер жұмысты 1 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар «Ардагерлер үйі» аялдамасы маңын жөнге келтіруге шамамен 29 миллион теңге қажет. Бірақ жарықтандыру, жаяу жүргінші жолын салу сияқты жұмыстарды жергілікті кәсіпкерлер мойнына алған.

Жанар Ғұбайдуллина, ерікті:

– Бұл маңға жарық жүргізуге қажетті материалдардың құны төленіп қойды. Жаяу жүргіншіге арналған тас жолдардың жартысы сатып алынды. Мүсіншімен де тиісті сызба жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Саябақтың бір ерекшелігі, бұл жерге кез келген азамат өзінің атаулы көшеттерін отырғызуға болады.

Хабар 24 телеарнасы