386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда зорлау Францияға қарағанда 4 есе артық – сарапшы

  • 103
  • UPD: 09:28, 09.09.2019

Францияда адам зорлаушыларға қарсы заң қатаң. Келешекте қазақстандық заңнама да осындай болуы әбден мүмкін.

Себебі, мемлекет басшысы биылғы жолдауында мұндай зұлымдық үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтты. Екі мемлекеттің қылмыстық кодекстерінің арасында қандай ұқсастық пен айырмашылықтар бар?

Париждегі психолог Светлана Котинаның кеңсесіне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар жиі келеді. Статистикаға сүйенсек, Францияда зорлау деректерінің 80%-і отбасылық жағдайда болады екен. Егер әйелді зорлаушы бұған дейін онымен азаматтық қатынаста тұрған болса, оның жазасы тіпті ауырлай түседі. Светлана осы қылмысқа қатысты қазақстандық заңның да қатаңдатылуын қолдайтынын айтады.

Свтелана Котина, психолог

Күш қолдану, зорлау бұл - қылмыс. Ол заң бойынша жазалануы керек. Сондықтан тараптарды татуластыру, олардың келісімге келуі сынды баптарды алып тастау керек деп ойлаймын.

Егер екі мемлекеттің кодекстерін салыстыратын болсақ, айрмашылықтарды бірден байқауға болады. Мысалы, Қазақстанда зорлаушы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, Францияда мұндай қылмыс жасаған тұлғаға мерзім үш есе артық кесіледі. Адам өлімімен аяқталатын жағдайға қатысты берілетін жаза мерзімі де өзгеше.

Стефан Эпине, адвокат

Мұндай қылмысқа қатысты заң қатаң болуы тиіс. Ол зорлау құрбаны болған адамның қылмысты жасырмауға итермелейтіндей болуы қажет. Францияда үкімнің жартысы осындай іс бойынша шығарылады. Заңды қатаңдату қоғамға әсер етеді.

Адвокат Стефан Эпине екі мемлекет арасындағы сексуалды қылмыстың жиілігін салыстырып, оның саны шамамен бірдей дегенді айтады. «Бірақ мұндай қылмысты халық санына қарай бөліп есептесек, Қазақстанда зорлау Францияға қарағанда 4 есе артық» - дейді сарапшы. 

Авторлары: Алия Сыздыкова, Бекхан Тепсаев

 

Хабар 24 телеарнасы