386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырбойылық еріктілер тоқсан сайын тұрмысы төмен отбасыларға үй салып береді

  • 100
  • UPD: 09:25, 09.09.2019
Сырбойылық еріктілер тоқсан сайын тұрмысы төмен отбасыларға үй салып береді

Жаңақорғаннан бастау алған игі іске аймақтың өзге аудандарындағы волонтерлік қозғалыс өкілдері үн қосып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ретте жергілікті әкімдік жер телімін тегін береді, ал еріктілер демеушілерді ұйымдастыра отырып, баспананың бой көтеруіне атсалысады. Жалпы өңірде 300-дей жас ресми түрде ерікті ретінде тіркелген. Олар «Ардагерлерді ардақтайық», «Бәріміз біргеміз», «Жомарт жүрек», «Студенттік бастама» секілді әлеуметтік жобаларға белсене қатысып келеді. «Волонтерлер жылы» деп жарияланған келер жылы еріктілік қызметті дамыту шаралары ерекше қарқын алмақ. Алдымен еріктілердің өзін өзі дамыту талпыныстарына қолдау білдірілмек.

Қуаныш Жанұзақов, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы:

- Еріктілер көбіне-көп ешқандай ұйымның, белгілі бір мекеменің қаржылай қолдауынсыз жүзеге асыратын болғандықтан, олардың өзін өзі дамыту мақсатындағы бастамаларына біз жастар басқармасы биылдың өзінде 3 еріктіге республикалық семинарларға, біліктілік арттыру курстарына барып-қайту шығынын көтеруге қолдау көрсеттік. Ал қалған жұмыстарда еріктілер өз бастамаларын жүзеге асыра береді. Осы бағыттағы қолдау бірінші кезекте керек.

Хабар 24 телеарнасы