386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 1200 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келген

  • 80
  • UPD: 13:10, 09.09.2019
Ақтөбе облысында 1200 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келген

Мемлекет тарапынан бөлінетін қаражатқа өтініш берген бұл азаматтар кіріс көлемін толығымен көрсетпепті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде миллиондаған қаржы мұқтаж жандарға емес алаяқтықпен айналысқандардың қалтасында кеткен. Қазір құзырлы орган өкілдері заңды белшеден басқандардарға ескерту жөнелтіп, төленген қаражатты қайтаруды талап етуде. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 25 отбасы 3,5 миллион теңгені бюджетке салды. Бұл жұмыстар әзірге ерікті түрде жүргізілуде. Алайда тұрғындар заңсыз берілген атаулы әлеуметтік көмекті қайтарудан бас тартса, мемлекеттік органдар «сотқа жүгінетін боламыз», дейді.

Ақсұлу Жұбаназарова, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы орынбасарының м. а:

- Біздің облыста өткен тоқсанның қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алған 162 жеке кәсіпкер анықталды. Олардың табысы бір миллион теңгеден асқан. Бірақ мемлекеттік төлемді алуға арызданған кезде төменгі жалақы алатындығын көрсеткен. Мемлекеттік кірістер басқармасы арқылы тексергеннен кейін ғана олар заңсыз алған атаулы әлеуметтік көмекті қайтаратын болды.

Хабар 24 телеарнасы