389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Алтын алқа» иегері: Балаларым үшін бел буып, жұмыс та істеймін

  • 169
  • UPD: 15:01, 09.09.2019

«Балаларым – байлығым», - дейді 8 баланың анасы, «Қазақстан» және «Әлем ханшайымы» атанған Ақнұр Жұмабаева.

19 жылда 8 баланы дүниеге әкеліп, бірақ ешқашан бала күтімі бойынша демалыс алып көрмеген көп балалы анамен «Хабар 24» тілшісі Алуа Маханбет тілдесіп қайтты.

Ақнұрдың үлкен ұлы Заңгар Германияда білім алады. Студент. Одан бөлек, бұл отбасында 5 мектеп оқушысы мен екі кішкентай ханшайым бар. Данель үйдің еркесі болса, Хадиша кенжесі. Көп балалы отбасы болу отағасының бала күнгі арманы екен.

Ақнұр Жұмабаева, «Алтын алқа» иегері:

- Мен тұрмысқа шығардың алдында маған бір ойын ретінде «менің арманым бар – кем дегенде 5 балам болса, оған қалай қарайсың», деп айтты. Мен айттым, көп балалы болған жақсы. Мен өзім көп балалы жанұяда өскенмін, сондықтан олар бір-біріне қамқор болады, көмекші болады деп келісім бердім. Қазір сол, Құдайға шүкір, 8 балам бар, әрқайсысының орны бөлек. Әрқайсының жүрегімізде орны бар.

Екі жоғарғы білімі бар Ақнұр экономика ғылымдарының магистрі. Бүгінде ол «Консалтингтік» компанияны басқарады. Сондай-ақ Алматы қаласындағы «Бақытты отбасы» жобасының кеңесшісі. Оған қоса, еліміздегі қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, өзгеге үлгі болып жүрген әйел. Бес қыз, үш ұлды дүниеге әкелген ана «ешқашан бала күтімі бойынша демалыс алып көрмедім, балам 2 айға толған соң жұмысқа шыға беремін. Себебі, білгеніммен бөлісіп, білмегенімді үйренгім келеді», - дейді.

Ақнұр Жұмабаева, «Алтын алқа» иегері:

- Әзір де кішкентай баламен бірге осы үш семинарды өттік. Бұл жанұялық медиация аясында. Және тағы да оқығым келеді. Психологияны. Ресми түрде оқығым келеді. Себебі, мен қазіргі жұмысым барысында, аналармен, әртүрлі жанұялармен  қарым-қатынас жасаймын, оларға кеңес беремін. Сондықтан,алдағы алдағы жоспарда сол оқу оқығым келеді әрі қарай.

«Алтын алқа» иегері Ақнұр Жұмабаева «2011 жылы «Қазақстан ханшайымы» атанса, 2014 жылғы «Әлем ханшайымы» байқауының жеңімпазы. Үйде ибалы келін, аяулы жар, көп балалы ана, қоғамның белсенді мүшесіне «мұндай ерік-жігер мен күш-қайратты қайдан аласыз?» деп сұрақ қойған едік.

Ақнұр Жұмабаева, «Алтын алқа» иегері:

- Менің ең басты байлығымбалаларым. Сол балаларым үшін бел буып, жұмыс та жасаймын. Шаршамаймын. Ешқандай қиындыққа да қарамай бәріне төземін. Себебі, бұл менің ғана емес, отбасымның жемісі мен жеңісі.

Авторлары: Алуа Маханбет, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы