386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қылмыстың алдын алмаса, жазаны күшейту нәтиже бермейді – өзбекстандық сарапшы

  • 111
  • UPD: 15:24, 09.09.2019
Қылмыстың алдын алмаса, жазаны күшейту нәтиже бермейді – өзбекстандық сарапшы

Жазаны қанша жерден күшейткенімен қылмыстың алдын алмаса нәтиже бермейді.

Президент жолдауына қатысты пікір білдірген Өзбекстандағы заң шығару палатасының депутат осылай дейді. Көрші елде әйел теңдігі мен балалардың құқын қорғау туралы жаңа заңдар қабылданған. Дегенмен, қыз-келіншектерді кемсіту мен жыныстық зорлық-зомбылық тиылар емес. Ғасыр індетіне айналған есірткіні сатушылар мен нәпсісін тыя алмағандарға ату жазасын қолдану кемдік қылмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда дүйім жұртты толғандырып отырған осы мәселелерге түбегейлі нүкте қоюды Парламентке және Үкіметке жүктеді. Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар адам қауіпсіздігінің негізгі факторы бола алады. «Дегенмен, дертке қарсы ұлт болып күресу керек», - дейді депутат.

Расул Кушербаев, Өзбекстан Республикасы Олий мәжілісінің заң шығару палатасының депутаты:

- Профилактикалық жұмыстар уақытылы жүргізілмегендіктен, соңы осындай жағдайға әкеліп соғады. Демек заңды күшейтумен қатар тәлім тәрбие және әлеуметтік мәселелерді жақсартуға мән беру керек. Алдын алу шараларын күшейтуге ден қойғанымыз жөн. Адамның басында мың қамшы ұстап тұрсаң да ойы бұзық болса, ол қылмысқа барады. Біз оларды дұрыс жолға тәрбиелеуіміз керек.

 

Хабар 24 телеарнасы