386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 507 мыңнан астам адамның қарызы кешіріледі

  • 181
  • UPD: 21:02, 09.09.2019

15 қыркүйекке дейін бес жүз жеті мың қазақстандықтың қарызы кешіріледі. Тізім алдағы уақытта толығуы мүмкін. Себебі кейбір көп балалы аналардың есімі әлі анықталмаған. Сондықтан мемлекеттік органдарда қайта құжат түгендеу жұмыстары жүріп жатыр.  

Банктен 3 миллион теңгеге жуық несие алған азаматтардың қарыз жүктемесін азайту науқаны әлі біраз уақытқа дейін жалғасады. Әзірге тек 507 мыңнан астам борышкердің тізімі жасалып отыр. Ұлттық банк бірінің микронесиесін жауып, енді бірінің берешегін біршама азайту ісін бастап кетті. 

Олег Смоляков, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

- Қарыз бірінші маусымға дейін  алынған кепілсіз тұтынушылық несие болуы тиіс. Оның қандай мақсатта жұмсалғаны маңызды емес. Және айта кетерлігі, қарыз азаматтардың кірісіне қарамастан кешіріледі, яғни мұқтаж немесе мұқтаж еместігі ескерілмейді.

Президент жарлығы бойынша көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар,

Жетім немесе асыраушысынан айырылған жандар мемлекеттік бір реттік көмекке иек арта алады. Олар өздерінің тізімде бар-жоғын 111 кол орталығына хабарласып, білуі тиіс. Егер есімдері онда анықталмаса, мемлекеттік органдардағы жеке немесе отбасылық мәліметтерін жаңартуы шарт. 

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

- Көп балалы отбасылар егер тізімде болмаса, анасы ол тізімде бар. Жолдасы жоқ. Ол кезде Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізуі керек. Оцифровка дейді. Сіздерге келердің алдында қабылдау жүргіздім. Оның ішінде асыраушысынан айырылған аналар да бар. Негізінен базадан қарап анықтама жасағанда ол кісілердің жәрдемақылары 1 маусымға дейін тоқтатылған. Негізі баласы оқу орнын бітіріп, кетіп қалған.

Айта кетейік, қарыз жүктемесін азайту жөнінде қандай да бір өтініш хат жазудың қажеті жоқ. Басты талап - борышкердің берешегі коллекторлық ұйымдарға өтіп кетпеуі тиіс. Олай болған жағдайда қарыз кешірілмейді екен.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы