386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Браконьерлердің еркінсіп кетуіне жазаның жеңілдігі себеп болып тұр

  • 120
  • UPD: 20:19, 09.09.2019
Браконьерлердің еркінсіп кетуіне жазаның жеңілдігі себеп болып тұр

Енді аң-құсты аяусыз қырып жүрген браконьерлерге қарсы жаза күшейеді. Себебі қазір жаза өте жеңіл, әрі олардың қылмысын дәлелдеудің өзі қиынға соғып отыр.

Соның салдарынан браконьерлер еркінсіп кеткен. Мәселен, тек биылғы жылдың өзінде броконьерлердің қолынан екі бірдей инспектор қаза тапты. Ал Қарағанды облысында заңсыз аң аулаған 21 адам қолға түскен.

Дулат Сейсенбаев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Өздеріңіз білесіздер, жақында екі инспектор қаза тапты броконьерлердің қолынан. Осыған орай, Президент өзінің Жолдауында табиғатты қорғау, сақтау бойынша заңды күшейту үшін депутаттарға тапсырма берді. Біз оны қолдаймыз, дұрыс шешім деп ойлаймын. Себебі браконьерлер, құқық бұзушылар тиісті жазасын алу керек.

Хабар 24 телеарнасы