385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Браконьермен сыбайлас болатын қорықшылар кесірінен табиғат қоры сарқылуда

  • 136
  • UPD: 23:24, 09.09.2019

Браконьерлік деректер еліміздің басқа да аймақтарында өршіп тұр. Инспекторлар заңды белшеден басушылардың құрал-жабдықтары барынша заманауи екенін алға тартады. Салдарынан браконьерлерге төтеп бере алмай жатады.

Республикамыз бойынша браконьерлік қылмыстар өршіп тұрған аймақтардың бірі Атырау облысы. Өңірде тек алты айда балық аулау ережесін бұзған 1262 дерек тіркелген. Браконьерлерден 13 тонна балық тәркіленіп, 11 қылмыстық іс қозғалды. Ең озық техникамен жабдықталған браконьерлерге табиғат  қорғаушылардың қауқары жете бермейді.  Қарбалас шақта атыс-шабыс, кісі өлімі де болып жатады. Сондықтан олар ең алдымен материалдық-техникалық базамыз жаңыртылса дейді. 

Рүстем Қорқытов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы:

- Біріншіден, бізге теңіз аумағына еркін шығу үшін үлкен кемелер керек. Себебі браконьерлердің бүгінгі техникалық мүмкіндігі бізден анағұрлым артық. Оларды кездестіргенннің өзінде құрықтау өте қиын. Сондай-ақ шағын ұшқыр қайықтар да артықтық етпес еді. Сосын жетілдірілген радиобайланыс пен түнгі жорыққа арналған дүрбілер керек. 

Ал Шығыс Қазақстан облысында ұзақ уақыт бойы браконьерлікпен айналысып келген «Марқакөл мемлекеттік табиғи  қорығының» инспекторлары ұсталды. Олар балық өнімдерін заңсыз айналымға шығарған. Тексеріс кезінде олардан 90 килограмм  уылдырық, балық өнімдері, және 4 миллион теңгеге жуық ақша,  көптеген ау-құралдар тәркіленді. 

Гүлжан Қамзина, облыстық ПД өкілі:

- Тергеу барысында аталған кезеңде марқакөл көлінен 1 тоннадан астам майқан балығы заңсыз ауланғаны анықталды.Уылдырықты алғаннан кейін қылмыскерлер балықты күзетілетін аймаққа көміп кеткен.қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Балық шаруашылығы саласының мамандары жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажет дейді. Өйткені браконьерлермен сыбайластыққа көп жағдайда табиғат қорғаушы инспекторлардың өздері де барады. Президентіміз де браконерьлікті «ұйымдасқан қылмыстың қауіпті түрі, олар ұлттық байлығымызды аяусыз жойып жатыр» деді. Олардың еркінсіп кетуіне құқық қорғау органдарының салғырттығы да себеп болып отырғандығын қадап айтты. Енді мемлекет басшысының пәрменімен таразы басын тең басатын әрі барынша қатаңдатылған заң қабылданса браконьерліктің тамырына балта шабылатын күн де туатыны анық.   

Авторлары: Бекен Әлирахым, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы