387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көлікті асығып жүргізетін жүргізушілер қатары азаймай тұр

  • 142
Алматыда көлікті асығып жүргізетін жүргізушілер қатары азаймай тұр KP.UA

Алматыда көлік жылдамдығын асырып жүргізетін жүргізушілер қатары азаймай тұр.

Жыл басынан бері қаладағы үш негізгі магистральді көшелерде орнатылған бейнебақылау камерелары арқылы жол жүру ережелерін бұзудың 75 мың дерегі тіркелген. Жалпы айыппұл көлемі – 600 млн теңгеге жуық. Атап айтқанда, олар Райымбек, Абай және Төле би даңғылдарында болған. Жүргізушілер әсіресе автобустар мен троллейбустарға арналған жолақтарға шығып кетіп, оларға кедергі келтіреді. «Асығыс жүретін және жолда жүру мәдениетін сақтамаған көлік иелеріне әкімшілік жазалар қолданылады», - дейді тәртіп сақшылары.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

– Мұндай деректерді біз бірден жоюға тырысып отырамыз. Жалпы заң бойынша 3 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл көзделген.

Хабар 24 телеарнасы