387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда қала көшелеріне жаңа үлгідегі бағдаршамдар орнатылды

  • 134
Атырауда қала көшелеріне жаңа үлгідегі бағдаршамдар орнатылды

Атырау қаласында жаяу жүргіншілер өтетін жолақтардың барлығына жарық беретін шамдар орнатылды.

Сонымен қатар білім ордаларының алдында полиция қызметкерлері көлік кептелісін реттейтін болады. Осы ретте автомобиль көп жүретін көшелердің барлығына нұсқаушылар қойылды. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шаралары арқылы жаяу жүргіншілерге жол бермейтін жүргізушілер қатаң тәртіпке тартылды. Инспекторлардың жолда жүру ережесіне қатысты заңсыздықтарды жедел анықтауына жуырда ғана алынған бейнекамералар да үлкен септігін тигізіп отыр. Қазір облыс орталығындағы 8 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл көшелердің барлығына соңғы үлгідегі бағдаршамдар орнатылды.     

Мырзалы Өтеғалиев, облыстық ӘПБ басшысының орынбасары:

– «Қызыл+қосу» сигналы ортнатылды. Бұл – шетелдік тәжірибе. Осындай бағдаршамдар Алматы, Нұр Сұлтан, Қарағанды секілді үлкен қалаларда орнатылған. Атырау қаласында орнатып жатырмыз. Айта кету керек, қалалық акиматқа жасаған ұсыныстар жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы