Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында мемлекеттік қызметкерлер тұрғындармен арадағы байланысты нығайту керектігін атап өтті.
Осыған орай Өскеменде қалалық әкімдік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бірлескен жобасы – «Аshyq ákimdik» фронт-кеңсесі ашылды. Аталған кеңсе әкімдік ғимаратында орналасқан. Бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсетеді. Қала әкімдігінің құзырына кіретін жер мәселесі, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы немесе білім беру бөліміне қатысты сан- салалы сұрақтарға нақты жауап алуға болады. Фронт-кеңсе таңнан кешке дейін жұмыс істейді. Бұл жерде сонымен қатар өскемендіктер өздерінің арыз-шағымдары мен қаланы дамыту бойынша ұсыныстарын да қалдыра алады. Болашақта мұндай бастама шалғайдағы аудан орталықтарында да ашылуы мүмкін.
Ренат Нәбиев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:
– Осы жобаның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықты жою және адамдарға қолайлы жағдай жасау.