389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания жұмысшыларының саны қашан қысқармақ

  • 465
  • UPD: 08:25, 10.09.2019
Мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания жұмысшыларының саны қашан қысқармақ Прикаспийская коммуна

Мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардағы жұмысшылардың санын қысқарту арқылы олардың жалақысын көтеруге болады.

Бұл – экономика, ғылымдарының докторы, профессор Бораш Мырзалиевтің пікірі. Ғалымның айтуынша, қысқартудың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын тиімді ету. Сол арқылы бюджетті үнемдеп, қызметкерлердің еңбекақысын көтеру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында тиімсіз кадрларды қысқартып, одан үнемделген қаржыны пайдалы қызметкерлерді материалдық тұрғыдан ынталандыруға бағыттау керек деген болатын. Қысқарту 2020 жылдан басталады. 2024 жылға дейін мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардағы жұмысшылар саны 25 пайызға қысқарады.

Бораш Мырзалиев, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

– Мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін көтеруде, ең бірінші мәселе – халықпен жұмыс істесе білу. Халықтың бір бөлігі мемлекеттік қызметшілердің қызметіне көңілі толмайды. Мемлекеттік қызметшілердің халықтың әлеуметтік жағдайын көтерудегі қарым-қатынасын айта беру керек. Өйткені кез келген мем қызметші халықтың өкілімен сөйлесе алмаса, көңілінен шықпайтын болса, ондай мемқызметшіден келешекте басшы шығуы мүмкін емес.

Хабар 24 телеарнасы