389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 263 мыңнан астам адамның қарызы кешірілді

  • 256
Елімізде 263 мыңнан астам адамның қарызы кешірілді Forbes.kz

15 қыркүйекке дейін 507 мың қазақстандықтың тұтынушылық қарызы кешіріледі.

Тізім алдағы уақытта толығуы мүмкін. Себебі кейбір көп балалы аналардың есімі әлі анықталмаған. Ұлттық банктің 20 тамыздағы тізімі бойынша, 507 мыңнан астам адам қарызы кешірілетіндердің санатына жатқызылған. Бүгінге дейін оның 263 мың 500 ден астамының 3 миллионға дейінгі қарызы толықтай жойылды. Сондай-ақ қаржы министрлігінің кірістер комитеті жариялаған ақпаратқа қарағанда 114 мың 849 жеке тұлғаның 688,3 млн теңге өсімпұлы шығынға жазылды. Олар жыл басынан бері 2,9 млрд теңге көлеміндегі негізгі қарыздарын төлеген. Толықтай алғанда, рақымшылықтың шамамен 1 миллион 400 мың адамға қатысы бар. Енді тізімге енбеген азаматтар еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін coll-орталыққа жүгіне алады.

Хабар 24 телеарнасы