387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтардың несиелік рақымшылыққа қатысты пікірлері қандай

  • 223
Қазақстандықтардың несиелік рақымшылыққа қатысты пікірлері қандай paypong.ua

Қазақстандықтардың несиелік рақымшылыққа қатысты пікірлері әрқилы.

Өңірлердегі әріптестеріміз жүргізген сауалнама нәтижесінен байқағанымыздай, тұрғындар кімнің кредиті кешіріледі, науқан қашан, қалай жүзеге асатынын әлі де дұрыс білмейтін сияқты.

БЛИЦ: 

– Телефон. телевизор алады. Үйіне керек емес зат алып, соны жауып тастайды. Мен оған қарсы емеспін. Қазақтың қарызсыз жүргеніне тілекшімін. Дегенмен ипотеканы жабу керек еді.

– Менде 5 жыл өтелмеген, соны неге толық жауып тастамаған. Тек зейнетақысын алып тастаған. Енді ол толық жабыла ма? Қаралама?

– 600 мыңдай несие алып едім. Бес балам бар. Маған жәрдем тиеме деп ойлап тұрмын. Жартысын болса да жауып берсе екен.

Гаухар Оразалиева, көп балалы ана:

– Көршілерімнің 2-3 баласы бар, олардікі кешірілгеннен кейін Неге біздікі сол күйі тұр. Көп балалы анамын, 7 балам бар. Оларда 2 бала бар. Ол жақында ғана алған, 2 ай болды, біз 3 жыл бойы төлеп келе жатырмыз. Неге біздікі кешірмегенін білейін деп едім.

Салтанат Арашбаева, қала тұрғыны:

– Президенттің жарлығымен бізге SMS келген. 50917 теңге есепшотыма түсті. 11 қыркүйек – менің несие төлейтін күнім. Жабылды деп келген, артынан төлеңіз деп тағы келді. Ол неліктен, біз түсінбей жатырмыз.

Бибіқыз Бектұрсынова, жалғызбасты ана:

– Мен жалғызбасты ана едім, Үкімет тарапынан берілетін көмектің барлығын алып жүрген болатынмын. Бұл жолы неге екенін білмеймін, несием менің кешірілмеген. Не үшін кешірілмеген, соны білгім келеді.

– 1 млн алғанмын. 300 мыңын Үкімет жауып беріп жатыр. Қалған 700-ы жабыла ма? Мен жұмыссызбын.

– Қазір халықтың көп кредитін жауып жатыр. Осы халықты қара тізімге кіргізіп тастамай ма? Қайта ала алама?

– 524 мың ақша алып, үстіндегі процентін төлегенмін. Мен оны төлей алмай жатырмын. Қазір 300 мыңы шығып жатыр. Соны төлеп жатса, проценті қалай болады?

Гүлнәр Нүсіпова, қала тұрғыны:

– Осы үкіметтің жарлығы шыққаннан кейін бізде үміттеніп келдік. Ол тізімде жоқпыз. Біз қалай ішіне кірмей қалдық. Списокта жоқпыз. Сонда кімдердікін жауып жатыр? Білейін дегенім ХҚКО-ға келгенім, кредитті жауып жатыр, тізімді қалай құрады?

Хабар 24 телеарнасы