387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда нөсер жауынның салдарынан көшелерді су басты

  • 143
  • UPD: 13:04, 10.09.2019
Алматыда нөсер жауынның салдарынан көшелерді су басты Zakon.kz

Алматыда екі күн бойы жауған жаңбырдың салдарынан қаланың бірқатар көшесін су басып қалды.

Толассыз жауын-шашын мен жел екпінінің күшеюінен арықтар сынған бұтақтар мен қоқысқа толды. Қалалық жасыл экономика басқармасының хабарлауынша, аудан әкімдіктерінде, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен құтқару қызметі тәуілік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Суды кедергісіз ағызу және сорғызып алу үшін құрамында 192 адамы бар бригада мен 81 арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыс барысында 22 су сорғыш құрылғы қолданылған. Су басып қалған 10 аймақ қалпына келтірілді. Бүгін де арықтар мен өтпелі жолдарды тазарту жұмыстары жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы