387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында сексеуіл отап, полиэтилен аумен балық аулағандар ұсталды

  • 135
  • UPD: 15:13, 10.09.2019
Алматы облысында сексеуіл отап, полиэтилен аумен балық аулағандар ұсталды

Алматы облысының табиғат сақшылары браконьерлермен күресті күшейту мақсатында әуеден барлау жұмыстарын жүргізді.

Сала мамандары Балқаш көлінің жағалауын тікұшақпен шолып шықты. Нәтижесінде сексеуіл отап, полиэтилен аумен балық аулағандар ұсталды. Қолға түскен азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы жыл басынан бері 861 заңбұзушылық анықталған. Оның 278-і – аңшылыққа, 259-ы балық аулауға қатысты деректер.

Ерлан Құджақов, облыстық ПД ЖПБ аға инспекторы:

– Оның ішінде 341 қылмыстық іс қозғалып, 514 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 21 тонна балық, 15 қайық тәркіленіп, 318 әр түрлі заттар тәркіленді.

Хабар 24 телеарнасы