387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада латын әліпбиінде диктант жазуға жүздеген адам арнайы келді

  • 178
  • UPD: 15:14, 10.09.2019
Елордада латын әліпбиінде диктант жазуға жүздеген адам арнайы келді

Бүгін еліміз бойынша жұртшылық жаппай жалпықазақстандық ашық диктант шарасына қатысып, өз білімдерін тексерді.

Елордада латын әліпбиінде диктант жазуға жүздеген адам арнайы келді. Аталған шараны ұйымдастырушы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің айтуынша, мұндай басқосулар латын әліпбиін насихаттап, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді көздейді. Тақырыбы «2019 jyl – Jastar jyly» деп аталды. Диктант жазуға Парламент мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер қатысты. Айта кетейік, диктантқа баға қойылмайды. 

Максим Споткай, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі:

– Бір мәселені айту керек. Біз латын графикасына оралу процесі тек қарапайым транслитерация болып қалмау керек. Бұл нақты тілдік реформа деп атауымызға толық негіз бар. Бір әріптерді екініші әріптерге ауыстырудың қажеті жоқ. Бұл ешкімге қажет емес.

Хабар 24 телеарнасы