387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Startup weekend: GreenTech инновациялық байқауының жеңімпаздары белгілі болды

  • 107
  • UPD: 17:43, 10.09.2019
Startup weekend: GreenTech инновациялық байқауының жеңімпаздары белгілі болды elorda.info

Seedspace Nur-Sultan алаңында «жасыл» технологиялардың Startup weekend: GreenTech инновациялық байқауы аяқталды.

Жарысқа қатысуға ниет білдірген 75 жобаның арасынан ақтық сынға 12 команда шығып, үшеуі жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қоры дайындаған арнайы сыйлық 500 мың теңгені «Экокорм» жобасы жеңіп алды. Ал, Hydro Plat жобасы “Astana Innovations” АҚ-нан 300 мың теңгелік сертификат және Seedspace Nur-Sultan алаңында «Investment Readiness Program» бойынша бір ай тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.

Желмагниттік турбинасы жобасын дайындаған команда да осы бағдарлама бойынша тегін оқуға мүмкіндік алды.

Команда қатысушылары «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ-ның арнайы сыйлығы мен 200 теңгелік сертификатты иеленді. Шараның серіктесі Seedstars халықаралық бизнес-акселаторы елорданың инновациялық экожүйесін қолдау үшін Investment Readiness Program бағдарламасымен оқу үшін қосымша 3 орын бөліп, жас өнертапқыштарды қуантты.

Байқауға қатысушылар жеке секторды жылыту жүйелері, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, ағынды суларды тазарту және қайта қолдану мәселелері, тұрғынүй және өндірістік ғимараттарда қолданылатын энергия шығынын азайту, СО2-ні сақтау, көлік құралдарынан шығатын газды азайту, энергияның балама көздері, көшелерді жарықтандыру бойынша өз жобаларын ұсынды.

Ауқымды шараны «Астана Innovations» АҚ «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» мен «Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қорының» қолдауымен ұйымдастырды.

Хабар 24 телеарнасы