389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастарға берілетін баспана: Бағдарламаға қалай қатысуға болады

  • 531
  • UPD: 17:51, 10.09.2019
Жастарға берілетін баспана: Бағдарламаға қалай қатысуға болады express-k.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасына қалай қатысуға болатындығы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында кемінде 1 мың жалдамалы пәтер салу шаралары қабылданған. Кейін бұл тапсырма кеңейтіліп, жастарға үш қалада үш мың пәтерге дейін салу жөнінде тапсырма берілген болатын. Ережеге сәйкес, бірінші кезекте 29 жасқа дейінгі жас жігіт немесе бойжеткен ресми түрде Нұр-Сұлтан, Алматы немесе Шымкент қаласының тұрғыны болуы тиіс. Сондай-ақ, ережеге сәйкес, жас адамның тұрақты жұмыс орны болуы және жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Себебі, біз жастарға өз тұрғын үйін сатып алу үшін бастапқы жарна жинауға мүмкіндік беруіміз керек», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.

Хабар 24 телеарнасы