387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертең елордада Astana Media Week-2019 медиа-апталығы басталады

  • 115
  • UPD: 21:40, 10.09.2019

Орталық Азиядағы ең ірі медиа-шараға жылда 2 мыңнан астам қонақ келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл да маңызды кездесулер, конференциялар мен шеберлік сағаттары жоспарланған. Берісі Ресей, арысы Үндістаннан спикерлер келеді. Медиа саласының мамандары 3 күн бойы пікір алмасып, тәжірбиемен бөліседі.

«Қазмедиа орталығында» қызу дайындық. Қонақтарды мазмұнды шаралармен қызықтыратындай түрлі бағдарлама жасалды. Мысалы, кездесулердің интерактивті форматы медиа мамандарының көңілінен шығуы тиіс. Тәжірбиелі журналистердің, пиар-кеңесшілердің, дипломаттар мен ғалымдардың, менеджерлердің қатысуымен семинарлар және медиа-дәрістер өтеді.

Ләззат Жүнісова, «Қазмедиа орталығы» БҚ» ЖШС бас директоры:

- Astana Media Week-тің негізгі мақсаты – отандық медиасекторды дамыту және саладағы іскерлік қатынастарды аймақтық деңгейде ілгерілету. 2018 жылы бұл шараға қатысу үшін 2 мыңнан астам қонақ келген еді. Медиаиндустрияның 60 отандық және шетелдік топ-менеджерлері мен 50-ден астам өндірістік компаниялары қатысқан болатын.

Медиа апталық кезінде республикалық басты арналардың жаңа маусымының ашылу рәсімі өтеді. Онда тың жобалар мен жаңа бағдарламалар таныстырылады. Одан бөлек, жарнама мен пиар саласының мамандары үшін ашық пікірталас алаңы ұйымдастырылады. Түркияның ең ірі ақпараттық агенттігінің өндіріс директоры Озгур Юрул қауіпті аймақтарда жұмыс істейтін журналистер үшін шеберлік сағатын  өткізеді .

Ләззат Жүнісова, «Қазмедиа орталығы» БҚ» ЖШС бас директоры:

- Astana Media Week-тің бірінші күнінде сериалдық өнімдерді әзірлеу және шығару тақырыбымен және салық преференциялары, кинопрокат шарттары, мазмұны, фильм өнімінің шығармашылық деңгейі және оның демеушілер үшін тартылмдылығы тақырыбымен ерекшеленеді. Жалпы іс-шараға бірқатар шетелдік спикерлер қатысады. Оның ішінде Star Media компаниясының бас директоры Елена Белаусова, белгілі қытайлық продюссер У Цзян және әрине, қазақстандық медиа-индустрияның топ-менеджерлері қатысатын болады.

Украинадан келген спикер цифрлық дәуірдегі телевидение туралы айтады. Медиа-аптаның соңғы күні видео-мазмұн эволюциясы мен бейімделу тақырыбына арналады. Онда «қазашқа сөйлейтін Youtube» және сандық медиа-мониторинг пен сараптама деген тақырыптарда пікір алмасу болады.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы