389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында қауіпті вирусқа қарсы 90 мың адамға тегін екпе егіледі

  • 178
  • UPD: 20:43, 10.09.2019
Қостанай облысында қауіпті вирусқа қарсы 90 мың адамға тегін екпе егіледі hi-news.ru

Биыл қостанайлықтар қызылша мен қызамыққа қарсы 90 мыңнан астам тегін вакцинамен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа 17 миллион теңге бөлінді. Иммундау кезінде 20-29 жас аралығындағы тұрғындарға басымдық берілмек. «Себебі, осы санаттағылар ауруға бейім келеді», - дейді мамандар. Жыл басынан бері өңір бойынша қауіпті вирустарды жұқтырудың 192 жағдайы тіркелген. Белгілі болғанындай, олардың жартысынан көбі екпе алмағандар.

Юрий Севостьянов, облыстық тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Облыс бойынша 421 екпе жасайтын бекет жұмыс істейді. Одан қалды арнайы 32 бригада жасақталады. Олар ауылды жерлерді аралап, 50-ден артық иммундау шарасын өткізеді. Екпе алғандар бір аптадан соң дәрігер қадағалауына алынады.

Хабар 24 телеарнасы