386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Белоусов кен байыту комбинатында еңбек етіп жүрген 246 адам жұмыссыз қалуы мүмкін

  • 121
  • UPD: 22:58, 10.09.2019

Белоусовкадағы тау-кен байыту комбинаты жабылады. Басты себеп – өңделетін кен осы тәріздес басқа комбинаттардан артылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығыс Қазақстан облысындағы бұл кәсіпорында қазір еңбек етіп жүрген 246 адамға тау-кен саласы бойынша жұмыстар ұсынылып жатыр.

Алайда жергілікті тұрғындар елді мекеннің болшағына алаңдайды. Өйткені кеншілер кентінің жылуы мен суы және басқа да инфрақұрылымы комбинатпен байланысты. Комбинат жабылса, жұмысшылар қайда барады?

Олжас Керейхан, тілші:

- 1940-жылдары салынған бұл тау-кен комбинаты өңірдегі ең ескі кәсіпорындардың бірі. Негізінен қазылған кенді алғашқы өңдеуден өткізетін кобинат техникалық тұрғыдан тозса да, бүгінге дейін тоқтаусыз жұмыс істеп келді. Кәсіпорынның жабылатыны туралы мәселе соңғы бірнеше жылда көтерілген.

Билц 1:

- Аяқ-астынан естідік. 6 қыркүйек күні айтты. Абдырап қалдық. Бұлай бәрі тез болады деп ойламаған едік.

Билц 2:

- Негізі біз бұған дайын болдық. Қайда барып жұмыс істейтінімізді ескерітп жатыр. Бос қалтырмайтын шығар деп жүрміз.

Комбинатта қазір еңбек етіп жүрген 246 адамды жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Ол үшін ауданда арнайы комиссия құрылды.

Елена Старенкова, Глубокое ауданы әкімінің орынбасары:

Біз аудандағы бос тұрған жұмыс орындарын бірінші кезекте осы комбинатта еңбек еткендерге ұсынамыз. Сонымен қатар кейбір жұмысшыларға жаңа мамандыққа оқыту ұсыналады. Бұл ұсынысты кобинаттың басшылығы да қолдап отыр.

Тау-кен өңдеу фабрикасы басшылығы кәсіпорынды жабу ең тиімді шешім екеніне көз жеткізген. 80 жылдан асқан комбинат бүгін экологиялық және экономикалық тұрғыдан еш талапқа сай келмейді.

Ермек Дүзкенев, тау-кен өндіру компаниясының менеджері:

- Жыл өткен сайын жасырын ақпарат емес, шикізат көзі азайып келеді. Кен көлемі азайып келеді. Қазіргі кен-байыту комбинаттарының қуаттылығын қамтамасыз ету керек. Сондықтан компания басшылығы Белоусовка кентінде өңделейтін Ертіс кенішіндегі кендерін Николавка кен-байыту комбинатына ауыстыурды жөн көрді.

Кен байыту комбинатының жабылатынын естіген кеншілер кентінің тұрғындары алаңдап жүр. Себебі елді мекеннің бүкіл тынысы комбинатпен байланысты.

Наталья Галактионова, Белоусовка кентінің тұрғыны:

- 1996-1998 жылдары болған қиындықты әлі ұмытқан жоқпыз. Ол кезде бәрі жабылды. Ешбір кәсіпорын жұмыс істеген жоқ. Елді мекен сусыз, жарықсыз-жылусыз қалды. Енді сол жағдай қайталана ма деп қорқып отырмыз.

Аудан әкімдігіндегі әлеуметтік салаға жауаптылар «комбинат жабылғанымен, елді мекен сусыз-жылусыз қалмайды» деп кепілдік беріп отыр. Қазір осы салада қызмет көрсететін басқа коммуналдық компаниялармен келісім жасалып жатқан көрінеді.Ал бүгінде өндрістік кентте 9 мың адам тұрады.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы