387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда мұнайға толы көлшіктер қоршаған ортаны ластап жатыр

  • 106
  • UPD: 22:14, 10.09.2019
Атырауда мұнайға толы көлшіктер қоршаған ортаны ластап жатыр

Атырауда облыс орталығының іргесіндегі мұнайға толы алты көлшік пен май қазандары қоршаған ортаны ластап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл - бір кездегі мұнай қазандарын тазалау стансасының орнындағы жағдай. 2006 жылы көптің талабымен кәсіпорын қала сыртына көшірілген. Бірақ көшуін көшкенмен, қазандар қалып қойған. Сөйтіп, жылдар бойы олардан аққан май үлкен көлге айналды. Қазір ондаған тонна мұнай далада қараусыз жатыр.

Таңат Нұрымов, қалалық азаматтық кеңес мүшесі:

Аталған мекеменің орнындағы қалдықтар қала экологиясына үлкен зиян келтіретіні даусыз. Әсіресе, күн ыстықта мұнай бетіне көтерілетін бу адам ағзасына өте қауіпті. Осыдан келіп обыр, өкпе ауруы секілді қатерлі дерттер белең алады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы