387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 9 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдыққан

  • 113
  • UPD: 22:22, 10.09.2019
Ақмола облысында 9 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдыққан

Ақмола облысында да онкологиялық ауруларға шалдыққан жандардың қатары азаймай тұр. Аймақта қазір 9 мыңнан астам адам осы дертке душар болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл былтырғымен салыстырғанда 1,4%-ке көп. Дәрігерлер науқастардың көбеюін, ауруды алдын ала анықтаудың дамуымен байланыстырады. Мәселен, биылдан бастап өңірде диагностикалық тың әдістер қолданылып келеді. «Айталық, молекулярлы-генетикалық тест арқылы ауруды ерте анықтауға болады», - дейді, мамандар. Ал, өте күрделі жағдайда дәрігерлер ресейлік әріптестерімен кеңеседі.

Айта кетейік, қазір Көкшетауда жаңа онкологиялық орталық салынып жатыр. Оған ел қазынасынан 2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Жаңа емхана күніне 150 науқасты қабылдай алады. Нысан келесі жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға берілмек.

Майя Әбдрахманова, облыстық аурухана директорының онкология бойынша орынбасары:

- Жаңа емханада компьютерлік томография, магнитті-резонансты томография секілді тың технологиялардың барлығы, одан бөлек, сынама алатын орындар мен зертханалардың түр-түрі болады. Мұның барлығы аталған ауруды ертерек анықтап, оны дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді.

 

Хабар 24 телеарнасы