389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда заманауи көпсалалы аурухана бой көтереді

  • 145
  • UPD: 22:42, 10.09.2019
Петропавлда заманауи көпсалалы аурухана бой көтереді

Петропавлда жыл соңына дейін 500 орынға шақталған заманауи көпсалалы аурухананың құрылысы басталмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Оған Түркия елінің қалталы азаматтары инвестиция құймақ ниетте. Заң бойынша емдеу мекемесі тұрғызылғаннан кейін алдағы 15 жыл ішінде ол мемлекет меншігіне өтеді.

Айта кету қажет, мұнда онкологиялық диспансер, кардиологиялық және перинаталдық орталық сынды бірқатар мекеме біріктірілмек. Мұнымен қоса, инфекциялық бөлімше мен жедел жәрдем қызметі де осы жерде орналасады. 7 қабаттан тұратын ғимаратқа «Шығыс» ықшам ауданынан арнайы жер учаскесі бөлінді. Орталықтың жалпы аумағы 71 мың шаршы метрді құрайды. Тіпті мұнда тікұшақпен қону-ұшу алаңы да жасалады. Ал, соңғы үлгідегі қондырғыларда жұмыс істеу үшін солтүстікқазақстандық ақ халаттылар Түркия, Германия және Израиль елдерінде біліктіліктерін арттырмақ. Сондай-ақ жаңа аурухана маңында 200 пәтерлік дәрігерлер үйі де бой көтереді.

Тимур Сұлтанғазиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Келесі жылдан бастап 200 дәрігерді шетелде оқытатын боламыз. Ол үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінетін болады. Сонымен қатар қазіргі ауруханалардың орнына басқа да бізде салалар бар. Денсаулық сақтау жүйесінде дамытуға қажетті. Мысалы, реабелитацияны дамыту немесе бізге қажетті емханалардың жетіспеушілігі.

Хабар 24 телеарнасы