385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде президенттік кадрлық резервіне іріктеу басталды

  • 140
  • UPD: 22:45, 10.09.2019
Елімізде президенттік кадрлық резервіне іріктеу басталды

Үміткерлер Қазақстанның кез келген өңірінен онлайн режимде өтініш білдіре алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті сыннан мүдірмей өткен жастардың мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға мүмкіндігі бар. Ақтөбе облысынан бұл тізімге ену үшін әзірге 3 азамат өтініш білдірген. Солардың бірі - Алға ауданы әкімінің орынбасары Расул Қадырбергенов. Еңбек өтілі 5 жылдан астам мемлекеттік қызметші жастарға берілген мүмкіндікті пайдаланып, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында кәсіби біліктілігін арттыруды көздейді. Ол үшін 12 қазан күні болатын онлайн тестілеуден жоғары балл жинауы тиіс. Сонда ғана кадрлық резервке еніп, мемлекет басқару жүйесіндегі жауапты қызметте еңбек ете алады.

Расул Қадырбергенов, Алға ауданы әкімінің орынбасары:

- Кадр резервіне өтіп жатсақ бағымыз жанып, қай қызметті ұсынады сол қызметке барамыз. Мемлекеттік қызметші болғаннан кейін. Жұмыстың оңайы жоқ барлық жерде де. Ең бірінші халыққа қызмет ету. Екінші сол мансаптық өсім, адал қызмет.

Хабар 24 телеарнасы