387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Алматы ауданы әкімінің орынбасары 5 млн теңге пара алған

  • 131
  • UPD: 23:47, 10.09.2019

Елордадағы Алматы ауданы әкімінің орынбасары жеке компания директорынан 5 миллион теңге пара алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мекемесі осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Кәсіпкер де қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Күдіктілер мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасау кезінде қылмысқа барғандарын толық мойындап отыр.

 

ЖОО ректорына пара берді деген айып тағылды

Бұған дейін белгілі болғандай, «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының пара алу дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Осы іске қатысы бар деген болжаммен Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры да күдікке ілінді. Оған «Ғылым қорының» басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселесін шешіп бергені үшін 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген деген айып тағылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы