387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА жанындағы Аналар кеңесі жыл басынан бері 350 адамға көмек көрсетті

  • 147
ҚХА жанындағы Аналар кеңесі жыл басынан бері 350 адамға көмек көрсетті

Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі жыл басынан бері 350 адамға 14 млн теңгенің қайырымдылық көмегін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жомарт аналар, әсіресе, «Мейірім керуені», «Мектепке жол» акцияларына белсене қатысады. Ал Нұр-Сұлтан қаласында құрылған «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы бір терезе аясында жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға заңдық және әлеуметтік мәселелер бойынша тегін кеңес береді. Сондай-ақ орталықта психолог, медиаторлар да бар. Қазірдің өзінде әлеуметтік жобаға сұраныс жоғары.

Әйгерім Тәңірбергенова, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының үйлестірушісі:

- Орталық ашылғалы бері 2 апта ішінде бізге мыңнан аса адамдар жүгінді 1800-ге тарта сұрақтармен. Олардың басым көпшілігі осы жәрдемақыға байланысты қойылды. Тұрғын үй бағдарламалары қандай, қалай кезекке тұруға болады деген сұрақтар бойынша. Біз сол сұрақтардың барлығын қарастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы