385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада тұрмысы төмен отбасыларға көмір сатып алу жағынан көмек беріледі

  • 86
  • UPD: 12:02, 11.09.2019

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында табысы төмен отбасыларға көмір сатып алу бойынша көмек көрсетілетін болды.

Жәрдемақының көлемі 40 мың 400 теңге. Әлеуметтік төлемдер пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлердің иелеріне, сондай-ақ жалға алушыларға да бірдей төленеді. Елордалық әкімдік тарапынан мұндай қолдауға ие болу үшін әрбір отбасының жан басына шаққан кірісі 133 404 теңгеден аспауы тиіс. Ал жанұяда еңбекке қабілетті, бірақ жұмыс істемейтін адам болса, онда бұл отбасыға тиісті көмек көрсетілмейді. 

Салтанат Станбаева, Нұр-сұлтан қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл әлеуметтік төлемді төлеу үшін құжаттарды қабылдау қазанның 15-і басталады. Сәуірдің 15-іне дейін жалғасады. Бұл әлеуметтік төлемнің мөлшері 40 мың 400 теңге төленеді. Егер бір отбасыда бірнеше санаттар болса, мысалы көпбалалы ана, зейнеркер, мүгедектер, соның ішінде бір ғана санат бойынша бір ғана төлем болады.

Хабар 24 телеарнасы