387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда көмір бағасын «109» қызметіне хабарласып білуге болады

  • 95
  • UPD: 12:00, 11.09.2019

Елордалықтар жылына шамамен 500 мың тонна көмір жағады екен. Осы жылыту маусымына бас шаһарға отынның қанша көлемі әкелінді. Алдағы уақытта тапшылық бола ма? Ал баға қалай құбылады?

Қытымыр аяздың ауылы алыс емес. Ұзын-сонар кезек. Көмірге талас. Отынның осы түрін қолданатын әрбір азамат үшін таныс картина. Өйткені сапалы көмір тапшылығы қай кезде болмасын өзектілігін жоғалтпаған. Осыған байланысты алдын ала қамданып жатқандар қатары қалың ба? Әлде бұл шаруаны сәл кейінге шегере тұру керек пе? Баға саясаты қандай? 

Мақсат Есмағұлов, қалалық жанармай-энергетикалық ресурстары бөлімінің басшысы:

- Сегіз кәсіпорынның барлығымен біз арнайы меморандумға қол қойдық. Яғни меморандумға сәйкес, быилғы жылы көмірге деген барлық бағалар бекітілді. Мысалға халық арасында ең көп таралған Шұбаркөл көмірінің деңгейі бізде тоннасына 12 мың теңгені құрайды. Жалпы нұр-сұлтан қаласы әкімдігі жыл сайын кезектерді болдырмау мақсатында халықты көмірді ерте сатып алуға шақырады.

Елордада Қаражыра көмірінің тоннасы 13-14 мың теңге болса, «Богатырь» сұрыпы 9 мың 500 тг. Жалпы баға саясатына бірқатар фактор әсер етеді. Бірінші кезекте көмірдің жану ұзақтығына байланысты. Бүгінде елордаға қара отынның сан сұрыпын жеткізетін 8 негізгі компания бар. Компания өкілдері көмірді 12 сауда орнында саудалайды. Қазірдің өзінде тұтынушылар аз емес. Әр аптада елордаға шамамен 10 мың тонна көмір жеткізіледі. Күн суытқан сайын сұраныс арта береді, дейді әкімдіктегілер.

Мақсат Есмағұлов, қалалық жанармай-энергетикалық ресурстары бөлімінің басшысы:

- Көп адамдар жүретін жерде, ойын-сауық орталықтарында радио арқылы бұл үгіт-насихат жұмысты көмірді ерте сатып алуға шақырту бойынша үгіт-насихатты ерте бастаған болатынбыз.

Көмір бағасын 109 номеріне хабарласып білуге болады. Айта кетейік, жыл сайын елордалықтар 500 мың тоннаға жуық көмір жағады. Кешегі жаздың өзінде бас шаһарға 100 мың тонна қара отын тасымалданған. Өткен жылғы кезеңмен салыстырсақ, бұл көрсеткіштің екі есе өскендігі байқалады.

Авторлары: Мейірлан Алтынбек, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы