387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Astana Media Week форумы басталды

  • 120
  • UPD: 12:24, 11.09.2019

Елордада ауқымда медиа апталық басталды. Дәстүрлі шараға 2000-нан аса отандық және шетелдік делегаттар келген. Қатысушылардың қатарында тілшіміз Мерей Мұратханқызы да бар. Мерей, Astana Media Week қанша күнге жалғасады? 

Армысыздар, ардақты ағайын. Мен бүгін осы күздегі Орталық Азия кеңістігіндегі ең ауқымды шараның куәсі боламын. «Астана медиа уик» негізінен отандық медиа индустрияны жан-жақты дамытуға бағытталған. Апталық деген аты болғанымен шара үш күнге жалғасады. Бағдарламасы тілшілер мен медиа қауым үшін әлбетте кәделі. Дәстүрлі шараның шымылдығын еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ашады. Бүгін, яғни форумның алғашқы күнінде сериал өндірісі сараланбақ. Азулы спикерлер тартымды әрі сапалы туынды шығару, оның тиімді жолдары жайлы тәжірибесін ортаға салады. Олардың қатарында белгілі «Стар медиа» кинокомпаниясының да өкілдері бар. Кәнігі дәрістен бөлек, жиналған көпшіліктің бейресми форматта сарапшылармен пікір алмасуына жағдай жасалған. Сондай-ақ 20 кинокомпанияның жұмысымен етене танысу мүмкіндігі бар. Ал мен әріптестеріммен бірге білікті мамандардың мастер класына қатыспақпын.

Хабар 24 телеарнасы