387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар қандай депозиттерді көбірек таңдайды

  • 101
  • UPD: 12:12, 11.09.2019
Қазақстандықтар қандай депозиттерді көбірек таңдайды ktonanovenkogo.ru

Қазақстандық салымшылардың 53 пайызы ұзақ мерзімді депозит ашқан.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды ҚазАқпарат.

Тамыз айында отандық банктердегі салымдар көлемі 15,24 трлн теңгені құраған. Бұл былтырғыдан 1,3 пайызға аз. Оның ішінде ел резиденті болып саналмайтындардың бөлшек салым үлесі 57,2 пайызға жеткен. Бөлшек салымның 87,3 пайызы шұғыл салымдарға тиесілі. Мұндағы теңгенің үлесі 50 пайыздан астам (7,6 трлн теңге).

«Ұзақ мерзімді салымда да теңгенің үлесі басым. Қазақстандықтар 2,09 трлн теңгенің депозитін ашқан. Дегенмен, бұл былтырғыдан төмен. Жеке адамдардың қысқа мерзімді депозиттері 12,2 пайызға артса, ұзақ мерзімді салымдар 2,4 пайызға кеміген. Бұл тенденциямен күресу үшін банктер түрлі шаралар қабылдап жатыр. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жаңа ережесі бойынша, депозит сыйақыларының мөлшерлемесі ай сайын жарияланып тұруы тиіс.  Мөлшерлемелер төмендеуі мүмкін деген болжамдар бар. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімді депозиттер өзіне оңтайлы мөлшерлемені жыл соңына дейін сақтап қалу басымдығына ие», – деп жазады Ranking.kz.

Еске салсақ, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшылардың депозиттерін өтеу уақытын қысқартқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы