387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егу басталады

  • 135
  • UPD: 14:10, 11.09.2019

Атырау облысында қауіпті әрі жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстары 16 қыркүйектен басталады.

Мұнайлы өлкеде жыл басынан бері тек қызылшамен ауырғандардың саны 764 адамға жетті. Ауру жұқтырғандардың 16 проценті түрлі көзқарастарына байланысты вакцина салдырмағандар. Қауіпті  дертке қарсы екпе салу шаралары осы қызылшадан басталмақ. Облыс бойынша қазір 68 мың доза вакцина даяр тұр. Екпе алуға міндетті 50 мың адам бар. Ал 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцина салынады. Облыста тіркелген 630 мың тұрғынның кем дегенде 10 проценті екпе алуы тиіс. Осы уақытқа дейін өңірде 2 мың 275 адам жедел респираторлы вирус пен тұмау жұқтырып оның 60 проценті ауруханада емделіп шықты.       

Амантай Жұмағұлов, тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті  басшысының орынбасары:

- Егер семьясында туберкулез ауруы болмаса, бала басқалармен контактіде болмай, өзінің үйінде ғана болса бұл аурудың алдын-алуға болады. Енді барлық ата-аналарға жергілікті емдеу мекемелері тарапынан түсінік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халық түсінеді, әрбір семьяның мүшелері жылына бір рет флюрографиядан өтіп тұруға міндетті.

Хабар 24 телеарнасы